Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері!Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді. Арыстандар азыққа зәру жүре алады,Ал Иеге сенгендер бар игілікке тояды. Мәңгі есінде сақтайды Ол өз Келісімін,Келер мың буынға да бұйырған өсиеттерін — Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, ормайды да, өнімін қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?! Сондықтан не ішіп-жейміз, не киеміз деп уайымдамаңдар! Тәңірге мойынсұнбайтындар барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой. Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді. Құдай арғы ата-бабаларымызғаОсылай шапағатын танытады,Олармен жасаған Өзінің қасиеттіКелісімін енді есіне алады,
Выбор основного перевода