Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы күн естеріңде қалсын. Бүкіл үрім-бұтақтарыңмен оны Жаратқан Иеге арнап мейрамдаңдар. Бұл мереке туралы ережені ұрпақтарың мәңгі берік сақтасын. Солардың ұрпақтарынан жасырмаймыз,Келер буынға оларды жариялаймыз:Жаратқан Иенің даңқты істерін,Оның құдіреті мен кереметтерін. Уа, Ием, Өзіңе сиынғанның барлығынаКешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да. Ал Сен рақымды да қайырымды Құдайсың,Уа, Ием, Сен тез қаһарланбайсың,Шексіз Сенің мейірімің мен адалдығың. Жаратқан — мейірбанды да рақымды,Тез қаһарланбайтын, тым қайырымды. Содан кейін Иса қолына нан алып, шүкірлік етті. Нанды үзіп, оларға беріп жатып:— Бұл — сендер үшін құрбандыққа берілмек денем. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер! — деді. Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып:— Мына тостаған — сендер үшін төгілмек қаныммен бекітілген Жаңа Келісім, — деді.
Выбор основного перевода