Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иә, соларды мұқият сақтап орындаңдар! Себебі осылайша басқа халықтар сендердің даналықтарың мен ақыл-парасаттарыңа көз жеткізіп, осы ережелер туралы естігенде қайран қалып: «Ойпыр-ай, осы үлкен халық неткен дана да парасатты ел еді!» — дейтін болады. Құдай адамға былай деді: «Даналық —Жаратқан Иені терең қастерлеуЖәне нағыз ақыл-парасаттылық —Зұлымдық атаулыдан алшақ кету». Мойынсұна қастерлеу Жаратқанды:Осы таза ниет мәңгі қалады.Жаратқанның шешімдері шынайы,Барлығы мүлтіксіз де әділетті, Жаратқан Иені мадақтаңдар!Иеміздің өсиеттерінен ләззат тапқан,Оны қастерлейтін жан жарылқанған. Күн сайын Сені дәріптейтін боламын,Атыңды мәңгілік құрмет тұтамын. Білімнің бастауы — Жаратқан ИеніТерең қастерлеп, Оған мойынсұну.Ал Құдайдан безген надандар болса,Елемейді даналық пен тәрбиені. Сонда ұнамды болып Құдай мен адамға,Ие боласың зор құрмет-абыройға. Даналықтың бастауы — Жаратқан ИеніТерең қастерлеп, Оған мойынсұну,Һәм ақыл-парасат — Киелі ҚұдайдыЖәне Оның еркін жақыннан тану.
Выбор основного перевода