Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әділ адамдар мені көргенде аңтарыла шошынады. Кінәсіздер арсыздарға ашуланып, қарсы көтеріледі. Ей, Шолпан жұлдыз әрі таң шапағы (іспетті болған Бабыл патшасы)! Аспаннан сен қалай құлап түстің! Халықтарды таптап келген сен өзің қалайша жерге лақтырылдың! Өйткені іштей былай дегенсің: «Мен аспанға көтерілемін, өз тағымды Құдайдың жұлдыздарынан да жоғары орнатамын! Қиыр солтүстікте орналасқан, (жалған тәңірлер) жиналатын таудың басындағы тағыма жайғасамын. Биік бұлттардан да жоғары көтеріліп шығамын, өзімді Хақ Тағаламен бірдей қыламын!» Бұдан кейін періште маған Жаратқан Иенің періштесінің алдында тұрған бас діни қызметкер Ешуаны көрсетті. Ал шайтан Ешуаны айыптау үшін оның оң жағында тұрды. Бұларды еліктіріп алдаған әзәзіл шайтан күкіртпен жанып тұрған отты көлге (яғни тозақ отына) тасталады; бұрын сол жерге айуан мен жалған пайғамбар да лақтырылған еді. Олар сонда күні-түні мәңгілік азап шегетін болады.
Выбор основного перевода