Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, Халықтың арасында оның баласы да жоқ, үрім-бұтағы да жоқ. Бұрын қоныстанған елінде ешбір тұяғы қалмайды. Халықтарды сөгіп, зұлымдарды жоқ қылдың,Есімдерін мәңгілікке өшіріп тастадың. Жау ұрпақтарын жер бетінен құртасың,Адамзат арасынан жоқ қыласың. Себебі Жаратушы әділдікті қалайды,Өзіне бағышталған жаннан бас тартпайды.Сондайды Ол мәңгі аман-есен сақтайды,Ал сұмның ұрпағы қырғынға ұшырайды. Әділді есіне алған жұрт шүкір етер,Ал зұлымның есімі құрып кетер. «Мен оларға қарсы шықпақпын! — дейді Әлемнің Иесі. — Мен Бабылды атымен жоқ қылып, оның халқын түп-тамырымен құртып, ешбір ұрпағын тірі қалдырмаймын. Осыны айтқан Мен Жаратқан Иемін.
Выбор основного перевода