Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ей, алдамшы тіл, сен өзгенің жанынЖаралайтын сөзді айтуды ұнатасың! Құтқара көрші мені, уа, Жаратқан,Айлалы тіл мен өтірікші ауыздан. Сол кезде басты діни қызметкерлер мен бүкіл Жоғарғы кеңес Исаны өлімге кесу үшін Оған қарсы жалған айғақтар іздестірді. Алайда көптеген куәгерлер алға шығып, өтірік айтса да, Оған тағатын бірде-бір дәлелді айып табылмады. Ақырында екі кісі алға шығып, Исаны былай деп кінәлады: — Мынау: «Құдайдың киелі үйін бұзып, үш күнде қайта тұрғызу қолымнан келеді!» дейтін. Сонда бас діни қызметкер орнынан тұрып, Исадан:— Ешқандай жауап бермейсің бе? Мыналар Саған қарсы не деп куәлік беріп тұр? — деп сұрады. Көптеген адамдар Исаға қарсы жалған куәлік берді, алайда олары бір-біріне сай келмеді. Жоғарғы кеңесте жиналғандардың бәрі орындарынан тұрып, Исаны Пилатқа алып барды. Сонда олар Оны айыптай бастап былай деді:— Біз мына Кісінің халқымызды бүлдіріп жүргенін тексеріп, анықтадық. Ол Рим патшасына салық төлемеңдер деп үгіттеп, Өзін Мәсіхпін, яғни Патшамын, деп жүр! — Сонда Пилат Исаға:— Сен Яһудилердің Патшасысың ба? — деген сұрақ қойды. Иса:— Өзіңіз айтып тұрсыз, — деп жауап берді. Пилат басты діни қызметкерлер мен жиналған халыққа:— Мен бұл Адамнан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді. Бірақ олар одан бетер нығарлап:— Бұл Ғалилеядан бастап осы жерге дейін бүкіл Яһудея бойынша өз ілімін таратып, елді көтеріліске желіктіріп жүр! — деп айыптады.
Выбор основного перевода