Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол жарлыны күл-топырақтан көтереді,Мүсәпірді мүшкіл күйінен құтқарады,Әміршімен бірге төрге отырғызады,Сыйлы орынды оған мұралыққа береді.Себебі жердің негізі — Жаратқанның меншігі,Ол үстіне орнатқан бүкіл дүниені. Балаларын отардай еркін шығарып жіберіп, олар қозы-лақтай секеңдеп ойнап жүреді. Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар,Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар. Оларды әміршілермен бірге отырғызар,Халқының көсемдерімен жайғастырар. Бедеу әйелді отбасымен жарылқар,Перзент сыйлап, шат-шадыман қылар.Жаратқан Иені мадақтаңдар!
Выбор основного перевода