Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жалғыз жандарға жанұя сыйлайды,Тұтқынды босатып, шаттыққа бөлейді,Ал қыңырды қапырық шөлге тастайды. Уа, Ием, шынымен Сенің қызметшіңмін,Мен, сондай-ақ, күңіңнің баласымын,Сен Өзің мені бұғаудан босаттың. Қаналғандарды Ол әділдікке жеткізеді,Ашығып жүргендерге тамақ береді.Жаратқан Ие тұтқындарды босатады, Сен арқылы қараңғыдағы тұтқындарды «Сыртқа шығып, көрініңдер!» деп шақырып, босатамын. Олар бағып, қамқорлайтын отарым іспетті жол бойында тамақтанатын болады, тіпті құнарсыз қыраттардан да жайылым табады. Ал енді, Ыбырайым атаның мына ұрпағын шайтан он сегіз жылдан бері байлап-матап келді. Оны сол бұғаудан демалыс күніне бола босатпау қажет пе еді? — деп жауап берді. Кенеттен Жаратқан Иенің бір періштесі пайда болып, қапас жарқырап кетті. Періште Петірді бүйірінен түртіп оятып: «Тезірек тұр!» — дегенде, оның қолдарын байлаған шынжырлар сыпырылып түсті. Кенеттен жер қатты сілкініп, түрменің іргесі шайқалып кетті. Сол сәтте барлық есіктер ашылып, бүкіл тұтқындардың аяқтарындағы шынжырлары шешіліп түсіп қалды.
Выбор основного перевода