Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер адам Жаратқан Иеге шүкіршілік ету үшін бір құрбандық әкелсе, онда ол сонымен бірге зәйтүн майы қосылған ашымаған нандар, ашымаған әрі майланған пәтір нандар және таңдаулы бидай ұнынан маймен жақсылап араластырылып пісірілген нандарды да қоса тартуы керек. Сионда тұратын Жаратқанға ән шырқаңдар,Оның ғажап істерін бар ұлттарға айтыңдар! Жоқ, тарту қылып мақтау ұсын Құдайға,Берген сертіңді орында Алла Тағалаға. Құдайға жақын болғаным қандай игі!Паналап Жаратушы Тәңір Ием — Сені,Жариялап тұрмын күллі істеріңді. Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған,Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан. Енді өлмеймін, өмір сүре беремін,Жаратқанның істерін паш етемін. Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады.
Выбор основного перевода