Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Пендем, Мысыр патшасы перғауынды жоқтап былай де:Өзіңді ұлттардың арасындағы жас арыстандай көресің, ал шынында теңіздегі айдаһарға ұқсайсың. Еліңдегі өзен тармақтарында әрлі-берлі шапқылап жүресің, аяқтарыңмен суды сабалап, лайлайсың». Шұрайлы жайылымда жайылып жүргендеріңнің өзі сендерге шынымен азшылық ете ме? Ендеше неге жайылымның қалғанын тұяқтарыңмен таптайсыңдар?! Таза су ішіп жүргендерің сендерге аз ба? Ендеше неге судың қалғанын аяқтарыңмен лайлайсыңдар?! Неліктен Менің «отарым» сендер тұяқтарыңмен таптаған шөпті жеп, лайлаған суды ішулері керек?!
Выбор основного перевода