Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біреудің адасып жүрген мүйізді ірі қарасына не есегіне тап болсаң, оны міндетті түрде иесіне айдап апарып бер! Біреудің есегі жүгінің ауырлығынан жығылып, тұра алмай қалғанын көрсең, оны сол күйінде қалдырып кетпе; жүгін түсірісіп, дұрыстап теңдеуге көмектес! Малдың иесі сені жек көретін дұшпаның болса да, солай істеуге тиіссің. Біреудің адасып жүрген мүйізді ірі қарасына не есегіне тап болсаң, оны міндетті түрде иесіне айдап апарып бер! Біреудің есегі жүгінің ауырлығынан жығылып, тұра алмай қалғанын көрсең, оны сол күйінде қалдырып кетпе; жүгін түсірісіп, дұрыстап теңдеуге көмектес! Малдың иесі сені жек көретін дұшпаның болса да, солай істеуге тиіссің. Қас жауы қолына түскен қандай адам оны аман-есен жібере салады? Маған бүгін істегеніңді Жаратқан Ие саған да жақсылықпен қайтара көрсін! Мүмкін, Жаратқан Ие менің көріп жатқан жәбіріме назар аударып, бүгін естіген қарғыстарымның орнына жақсылық сыйлар! Еліше оған:— Жоқ, оларға тимеңіз. Тіпті өзіңіз семсер-садағыңызбен қолға түсірген тұтқындарды да өлтірмес едіңіз ғой. Одан да алдарына тамақ қойыңыз, ішіп-жесін. Содан патшаларына кері қайтарыңыз! — деді. Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер! Ал «жауың сенің аш болса тамақтандыр,Егер де шөлдесе шөлін қандыр!Мұныңменен сен басына оныңҚызып тұрған шоқ жиғандай боласың».
Выбор основного перевода