Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Қожайыным Есауға былай деңдер: сіздің құлыңыз Жақып сізге сәлем жолдайды. Осы уақытқа дейін мен жат жерлік болып нағашы ағамыз Лабанның қасында тұрып келдім. Оның аяғына жығылып, былай деп өтініш жасады:— Тақсыр ием, кінә өз мойнымда! Күңіңіздің сөйлеуіне рұқсат беріп, айтқандарына құлақ түре көріңіз! Жәбір сөз ашу туғызар,Биязы жауап ашуды басар. Патшаның қаһары — ажалдың жаршысы,Ал ақылды жан оның қаһарын басады. Бастығыңның ашуы өзіңе қарсы лап етсе, орныңнан кетіп қалма!«Кішіпейілділік зор қателерді жауып қояр». Балам менің, бал же, бойыңа ол нәрлі,Балауыз ұясынан тамғанын же, таңдайыңа ол тәтті, Балды тым көп жеу пайдалы емес,Өз даңқы үшін ұмтылу абырой бермес.
Выбор основного перевода