Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады». Себебі Тәңір Ие пендеге істеген іс-әрекетіне сай қарымтасын қайтарады, әрі жүрген жолдарына сәйкес оған есесін қайырады. Уа, Ием, тұрақты — Сенің рақымың,Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың. Құлақты жаратқан Тәңір әлде естімей ме,Көзді жаратқан Оның Өзі әлде көрмей ме? Халықтарға ескерткен Ол саған ескертпей ме?Адамға тағылым беретін Ол — Жаратқан ИеПенденің ойларының бекерлігін біледі де! «Тайдырмайды Ол табаныңды,Ұйықтамайды Қорғаушың, Исраилді Қолдап-қорғаушыҚалғымайды да ұйықтамайды. Қорғаушың — Жаратқан Ие,Қасыңда Ол саяң болып жүреді, Күндіз күннің, түнде айдыңТимесін деп сәулелері. Жамандықтың барлығынанЖаратқан Ие сені сақтайды,Жаныңды Ол қорғап-қолдайды. Бүгіннен бастап мәңгі бақиИеміз қорғайтын боладыБарып-келу сапарыңды». Аузынан шыққан жақсы сөзі адамды тоқ қылар,Еңбек еткен қолы да ақысын алар. Адамға күллі істері жөн іспетті,Ал Жаратқан Ие тексереді ой-ниетті. Өз жолы адамға түзу болып көрінер,Ал оның жүрегін Жаратқан Ие тексерер. Солардың бәрі жердің өнімінен тартып ала береді. Патшаның өзі де өңделген жердің пайдасын көреді. Жоспарларың сондай ұлы, істерің сондай керемет! Сенің көздерің адам баласының барлық істерін анық көреді. Әркімге жүрген жолдары мен істеген істерінің жемісі бойынша лайықтысын бересің. (Киелі жазбада мына тәрізді сөздер жазылған:) Құдай әркімге істеген ісіне қарап қарымтасын қайтаратын болады. Иеміз Иса маған тіл қатып:— Тыңда, Мен жуырда келемін! Әркімге ісіне қарай беретін сыйымды Өзіммен бірге ала келемін.
Выбор основного перевода