Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сенің адам жүрегін тексеретініңді, ол адал болып шыққан кезде риза болатыныңды білемін, уа, Құдайым! Мен осы күллі заттарды Саған ерікті түрде шын жүректен бағыштадым. Өз халқыңның да Саған қуанышпен ерікті сый-тартулар жасағанын көріп отырмын. Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр,Жүрегім мен ой-санамды сынап көр. Күмісті балқытып, алтынды көрікте сынар,Адам баласы мақталғанда сыналар. Мен, Жаратқан Ие, адамның жүрегіндегісін зерттеймін, оның жан дүниесін анық тексеремін. Содан әркімге жасаған қылығына, істеген істеріне қарай есесін қайтарамын. Мен осы үштен бір бөлікті отқа салып, күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады.
Выбор основного перевода