Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қыш құмыраның сынығына ұқсапКүшімнен айырылып қалдым қурап,Тілім қалды таңдайыма жабысып,Өлім топырағына бердің мені қиып! Жүректің қуанышы бет-жүзді жарқыратар,Жүректің қайғысы көңілді жабырқатар. Бақытсыздың қай күні де қайғыдан арылмас,Қуанышты жанның тойы тарқамас. Пара алма! Себебі пара көрегеннің көзін соқыр қылады, әрі әділдің сөзін бұрмалайды. Жасырын сый-тарту ашуды тыншытар,Құпия сыйлық зор қаһарды басар. Зердесіз билеуші халқын езгіге салар,Арам пайданы жек көрген ұзақ билік құрар. Олар халқымның арасындағы жарлыларды құқықтарынан айырып, жәбір көргендерге әділет жолын жауып тастайды. Тіпті жесірлерді олжалап, жетімдердің барын тонайды! Елдің басшылары пара алып үкім шығарады, оның діни қызметкерлері тәлім бергенде ақша талап етеді және пайғамбарлары айтқан хабарлары үшін ақы сұрайды. Бірақ сонда да олар: «Жаратқан Ие біздің арамызда ғой, басымызға ешбір пәле түспейді!» — деп Жаратқан Иеге арқа сүйейді екен!
Выбор основного перевода