Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған өсиет сендер үшін тым қиын әрі алыс нәрсе емес. «Оны орындауымыз үшін кім көкке көтеріледі де, оны жерге алып келіп, бізге жариялайды?» деп сұрайтындай, бұл өсиет тек көкте емес. Немесе: «Оны орындауымыз үшін кім теңізді кесіп өтіп, оны алып келіп, бізге жариялайды?» деп сұрайтындай, осы өсиет тек теңіздің ар жағында да емес. Жоқ, бұл сөз саған өте жақын, ол ауызыңда және жүрегіңде. Сондықтан оны орындай аласың. Даналық шақырып жатыр емес пе,Ақыл-парасат дауыстап тұр емес пе? Мысқылшыл даналықты іздеп таппас,Зерделіге білім жинау қиын болмас. Дананың көзі өз орнында, ал ақымақ қара түнекте сипаланып жүреді. Бірақ соңында екеуі де бірдей тағдырға ұшырайтын болады. Кім данышпан? Кім мәселелердің мән-мағынасын ұға біледі? «Даналық адамның өңін нұрландырар, оның сұсты жүзін жұмсартар» делінген.
Выбор основного перевода