Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дейді Иеміз. — Жазалау — Менің ісім,Тиісті жазаларын тартқызамын Өзім!Кезі келгенде аяқтары таяды,Күйрейтін күндері жақындап қалды,Тағдыры зырғытып қуады оларды». Жаратқан Ие тағы мынаны да айтады: өз үйіңнің ішінен саған қарсы пәле шығарамын! Көз алдыңда әйелдеріңді алып, басқа біреуге беремін, ол тапа тал түсте әйелдеріңмен бірге болмақ. Достығыма жауап береді қастықпен,Алайда Саған сиынып келемін мен. Жақсылығыма олар сұмдық қайтарады,Достығыма өшпенділік танытады. Жақсылыққа жамандықпен қайтаруға бола ма? Ал бұлар маған ор қазуда. Қаһарыңды оларға жаудырмауың үшін мен олардың игілігін көздеп Сенің алдыңда тұрып жалбарынғанымды есіңе түсіре көрші! Жамандыққа жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес, ақ батамен жауап беріңдер. Себебі Құдай сендерді шақырғанда Өзінің ақ батасына ие болсын деп мақсат еткен еді. Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында ізгі болуына тырысыңдар. Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, соны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Тауратта мынадай сөздер жазылған ғой: Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын Өзім! — дейді Иеміз. Ешкім жамандыққа жамандықпен қайтармасын, қайта, бір-біріңе де, басқаларға да жақсылық жасауға ұмтылыңдар!
Выбор основного перевода