Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның қасында жүрген Харбона есімді сарай қызметкері былай деді:— Хаманның үйінің қасында биіктігі елу шынтақ дар ағашы тұр! Хаман соны патшаның игілігі үшін сөз сөйлеген Мардохайға арнап құрғызып қойған болатын. — Патша:— Сол дарға оның өзін асыңдар! — деп бұйырды. Құдай әке болады жетімдерге,Қорғаушы болады жесірлерге,Тағында отыр Ол киелі мекенінде, Жалғыз жандарға жанұя сыйлайды,Тұтқынды босатып, шаттыққа бөлейді,Ал қыңырды қапырық шөлге тастайды. Ал зұлымдар елден аластатылады,Опасыздар түп-тамырымен құртылады. Зұлым құлап, із-түзсіз жоқ болар,Әділдің шаңырағы берік тұрар. Ежелгі межені жасырын жылжытпа,Жетімнің жеріне қолыңды сұқпа! Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
Выбор основного перевода