Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал ефремдіктер Гедеонды қатты сөгіп:— Неге бізге осылай істедің? Мадияндықтарға қарсы соғысуға аттанғаныңда неге бізді шақырмадың? — деді. Гедеон оларға жауап беріп:— Сіздермен салыстырғанда мен қазір қандай жетістікке қол жеткізіппін? Ефрем руының терген масақтары Әбиезер әулетінің бүкіл жинағанынан әлдеқайда артық емес пе? Құдай сіздердің қолдарыңызға Мадиянның екі әміршісі Ориб пен Зипті түсірді! Сіздермен салыстырғанда мен қандай жетістікке қол жеткізе алдым? — деді. Гедеонның жауабын естігенде, ефремдіктердің ашуы басылды. Бірақ Набал оларға дөрекі жауап беріп:— Дәуіт деген кім өзі? Есейдің бұл баласы кім екен? Бүгінде қожаларынан қашып, босып жүрген құлдар толып жүр! Неліктен наным мен сусынымды, қырықтықшыларыма арнап сойылған малымның етін қайдан келе қалғаны белгісіз біреулерге бере салуым керек?! — деді. Жігіттері қайтып келіп, осы сөздердің барлығын Дәуітке баяндап берді. Сонда ол адамдарына: «Семсерлеріңді асыныңдар!» — деп бұйырды. Бәрі де, Дәуіттің өзі де семсерлерін асынып алды. Төрт жүздей адам онымен бірге аттанып, қалған екі жүзі тұрақтаған жерлерін күзетіп қалып қойды. Оның аяғына жығылып, былай деп өтініш жасады:— Тақсыр ием, кінә өз мойнымда! Күңіңіздің сөйлеуіне рұқсат беріп, айтқандарына құлақ түре көріңіз! Тақсыр ием, сол арсыз Набалға көңіл бөлмеңіз. Есімінің «Ақымақ» дегенді білдіретініндей, өзі де барып тұрған ақымақ. Ал мен жіберген жігіттеріңізді көрмей қалдым. Патша ақсақалдардың берген кеңесін елемей, жас жігіттердің айтқан ақылдарын тыңдап, халыққа дөрекі жауап берді: — Әкем сендерге ауыр жүк артқан болса, мен соның үстіне тағы да қосамын! Әкем сендерді жай қамшымен ұстаған болса, мен дойыр қамшының астына аламын! Осылайша патша халықтың өтінішіне құлақ салмады. Ал оқиғаның бұлай бет бұруы Жаратқан Иенің еркі бойынша еді. Сол арқылы Ол Өзінің шилолық Ахиях пайғамбар арқылы Набат ұлы Еробоғамға айтқан сөзін іске асырды. Бүкіл Исраилдің өкілдері патшаның өздеріне құлақ түрмегенін көргенде, оған қарсы айқайлап былай деді:— Дәуітке біздің қатысымыз жоқ,Есейдің ұлында еш үлесіміз жоқ!Мекендеріңе қайтыңдар, исраилдіктер!Дәуіт, өз үйіңе-ақ билік ете бер!Содан олар мекендеріне қайтып кетпек болды. Әділ жан жауабын ойлап берер,Арамза жаман сөзін лақ еткізер.
Выбор основного перевода