Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады». онда Сен көктегі тұрағыңнан құлақ сала гөр. Оларды кешіріп, әрқайсысына өзінің ой-ниеті мен істеріне қарай лайықтысын бере гөр. Адам жүрегінде не бар екенін Сен ғана жақсы білесің ғой. Ол үшін о дүние жалаңаш, тозақтың өзі ашық жатыр. Әділ Құдайым, жан дүниемізді сынайсың,Енді доғартсаңшы зұлымдардың сұмдығын,Әрі нығайтсаңшы әділдердің қорғанышын. Көкке көтерілсем, сол орындасың,Тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың. Алайда бәрінің ойы мен ниеті құбылмалы екенін біліп, Иса оларға сене қоймады. Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді.
Выбор основного перевода