Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Байлығымның молдығына әрі ағыл-тегіл дәулетке қол жеткізгеніме лепіре мақтандым ба? Ал мен Құдайдың киелі үйініңІшінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін,Құдайдың рақымына мәңгі сенемін. Содан Иса шәкірттеріне қарап былай деді:— Сендерге шындығын айтамын: байлардың Құдай Патшалығына кіруі тым қиын! Оның айтқандарына шәкірттері абыржып, қайран қалды. Ал Иса тағы да:— Жігіттер! (Байлықтарына сенгендер үшін) Құдайдың Патшалығына кіру қандай қиын! Бірақ Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді. Өзі үшін байлық жинап, ал Құдаймен қарым-қатынасында бай болмаған адамның ақыры осындай.
Выбор основного перевода