Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқанның жаулары жойылады,Зұлымдар даланың көркіндей солады,Жайылған түтіндей тез ғайып болады. Өз өмірлеріңдегі «тың жерлеріңді жыртыңдар, әділдіктің дәнін себіңдер»! Солай берік мейірімнің «жемісін» жинап аласыңдар. Себебі осы кез — Маған, Жаратқан Иелеріңе, бет бұрып, мойынсұнатын уақыт! Сонда Мен сендерге келіп, кешірім беріп, ақталуды жаңбырдай жаудырамын. Өзінің ескі күнәкар болмысын қанағаттандырушы сол болмысқа тән өлімді орады. Ал Құдайдың Рухына қызмет етуші осы Рухқа тән мәңгілік өмірді орады. Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз. Татуластырушылар «тыныштық тұқымын» себушілер іспетті. Бұл «тұқымның» жемісі болып әділ мінез-құлық орнығады.
Выбор основного перевода