Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұзындық, салмақ, көлем өлшегенде әділетсіздік жасамаңдар! Барлық таразыларың, кір тастарың және көлем өлшейтін ыдыстарың дұрыс болу керек. Мен сендерді Мысырдан алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Қалтаңда бірдей мөлшерде болғанмен біреуі жеңілірек, басқасы ауырырақ екі түрлі кір тастары болмасын! Үйіңде бірдей мөлшерде болғанмен біреуі үлкенірек, басқасы кішірек екі түрлі өлшейтін ыдыс та болмасын! Кір тастарың да, өлшейтін ыдыстарың да дәл әрі дұрыс болуға тиіс. Сонда Құдай Иелерің сендерге табыстап отырған елінде ұзақ өмір сүретін боласыңдар. Өйткені Құдай Ие адамдарды осылай алдайтын әркімді жек көреді. Адал таразы — Тәңір Иенің талабы,Өлшеуіш тастарға Ол назар аударады. Тең емес таразы, тең емес өлшем —Екеуін де жек көрер Тәңір Ием. Жаратқанға мүлдем ұнамсызы —Дәл емес өлшем тастары,Өте жаман да — жалған таразы.
Выбор основного перевода