Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Ғилақад қыраттарында май дәрі жоқ па еді? Онда дәрігер қалмағаны ма? Халқымның жарақаты неге жазылмай қойды? Енді оларға мына хабарды жеткіз: «Күні-түні көз жасым ағылып тоқтамасын! Себебі ежелде пәк қызымдай болған Менің халқым қатты соққы жеп, ауыр жарақаттанды. Сондықтан жылап, көз жасымды төгудемін,Жұбатып, маған күш беретін жоқ ешкім.Жау жеңіп, күйреді халқым менің».(Пайғамбар:) Халқым құрып, бала мен бөбектің көшелердеАштан өліп жатқандарын көргенімде,Төгілген жасымнан талды көздерім де,Жаным қиналды, ақтарылғандай боп жерге. Жан сала халқың Тәңір Иеге үн қатады,Өзің де, көзің де тыншымай, уа, Сион қамалы,Күні-түні өзендей қып ағыз көз жасыңды!
Выбор основного перевода