Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Бірауыздан олар сөз байласыпЖатыр, Саған қарсы одақ құрып: Біз ата-бабамыздай күнә жасадық,Заңсыздық істеп, зұлымдыққа баттық. «Мен сендерді қалай кешіре аламын? Балаларың Менен бас тартып, ешқандай да құдай емес тәңірсымақтардың атымен ант ететін болды. Мен оларды асырап жүрсем де, олар азғындыққа салынып, жеңіл жүрісті әйелдердің үйлеріне топырлап барады. Оларды бұлары үшін жазаламай қоя берейін бе? — дейді Жаратқан Ие. — Егер мұндай халыққа лайықтысын қайтармасам, соным дұрыс болар ма еді?!» Көше бойы жерде жатыр жас та, кәрі де,Семсерден қырылды қыз-жігіттерім де,Бәрін аямай құрттың қаһарланған күніңде. Біз (исраилдіктер) күнә жасап, іс-әрекетіміз әділетсіз болып келді. Біз зұлымдық жасап, Саған қарсы бас көтердік, бұйырған өсиеттерің мен заңдарыңнан бас тарттық.
Выбор основного перевода