Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Өз ақымақтығы адамның жолын бұзар,Ал жүрегінде ол Жаратқанға ашуланар. Өзіңнің жарақатыңнан, шипасы жоқ ауруыңнан несіне айқайлайсың? Кінәң тым ауыр, күнәларың тым көп болғандықтан саған сондай жаза тартқыздым. Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтан Оның қаһарына ұшыраймын. Бірақ кейін Ол мүддемді қорғап, мені ақтайды. Сонда Ол мені нұрға алып шығады, Оның әділ істерін көремін! Неге бауырыңның көзіндегі жаңқаны көре тұра, өз көзіңдегі бөренені байқамайсың? Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма:«Балам, Тәңір сені тәрбиелегендеОнысын ешқашан менсінбей жүрме,Ол сені жөнге келтіргенде,Лайым еңсең түсіп жүнжіме! Иеміз Өзі сүйетін әркімдіТүзетеді әрі тәрбиелейді,Бауырына басқан әр баласын даЖазалайды қажет болғанда».
Выбор основного перевода