Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Жақып әкесінің қасына барып, оны сүйгенде, Ысқақ оның киген киімдерінен Есаудың иісін сезді. Содан ол ұлына батасын беріп былай деді:«Ұлымның иісі Жаратқан ИеЖарылқаған даланың иісіндей. Азғын әйелдің тілінен бал тамады,Сөздері майдан да жұмсақ болады. Ұнамды сөз балдай тәтті,Жаныңа жағымды, тәніңе шипалы. Балам менің, бал же, бойыңа ол нәрлі,Балауыз ұясынан тамғанын же, таңдайыңа ол тәтті, Оян, Сион халқы, оян! Күш-қуатқа бөлен! Қасиетті қала Иерусалим, салтанатты киін! Құдайсыз, күнәлі жауларың енді қайтып саған кірмейтін болады! Мен Исраилді жерге түскен шықтай сергітетін боламын. Сонда Исраил лалагүлдей жайнайды, әрі Ливан тауындағы самырсын ағаштарындай тамырларын тереңге жібереді. Улы жыланның тұқымдары! Сендер жаман бола тұра, қалайша жақсы сөздер айта алар едіңдер? Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар. Жаңа туған сәбидің сүтке шөліркегеніндей, әрдайым Құдай сөзінің «таза сүтіне» құштар болыңдар. Содан нәр алғанда рухани өсіп, күнәнің құлдығынан толығырақ құтқарыла аласыңдар.
Выбор основного перевода