Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Ефрем, Бунямин, Манаса руларыныңКөз алдында зор күшіңді көрсетші,Өзің келіп, бізді құтқарсаң етті! Сүйіктім менікі, ал мен онікімін,Ол жайылып жүр арасында лалагүлдің. (Қалыңдық:)Түні бойы мен төсек-орнымнанҒашығымды тосып, таба алмағам. Кәне, мен тұрып, аралайынҚаланың көше, алаңдарын!Бірақ таба алмадым сандалғанмен,Көп іздеп бекер жүрдім мен. Қарауылдар маған тап болды,Аралап жүрді олар қаланы.«Көрдіңіздер ме жан досымды?»Деп сұрап іздедім сүйген жарымды. Мезгілде қастарынан сәл-ақ өткенКездестірдім жарымды жаным сүйген!Оны ұстап алып жібермедім,Анашымның үйіне алып келдім,Өз шешемнің бөлмесіне кіргіздім. Уа, бау-бақшада отырған жеріңненДос қыздарың естіп тұр даусыңды сенің,Енді маған да оны естіртсең екен!(Жас келін:) Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді. Сен арқылы қараңғыдағы тұтқындарды «Сыртқа шығып, көрініңдер!» деп шақырып, босатамын. Олар бағып, қамқорлайтын отарым іспетті жол бойында тамақтанатын болады, тіпті құнарсыз қыраттардан да жайылым табады. Енді қайтып олар аштық пен шөлді білмейді, күннің аптап ыстығы да күйдірмейді». Себебі халқының жанашыры Жасаған Ие оларды жетелеп, су көздеріне бастап алып жүреді. Сонда Оның халқы ежелгі заманды —Мұса пайғамбар мен оның қасындағыХалқының тарихын естеріне алды:«Бағушысы Мұсамен бірге халықтыТеңізден өткізіп, басшыларынаӨзінің Киелі Рухын қондырғанСол Жаратқан Иеміз қазір қайда? Мен «отарымның» тірі қалғандарын Өзім айдап жіберген елдерден жинап аламын да, өздерінің еліне қайтарамын. Олар сонда өсіп-өнетін болады. Оларға қамқорлық ететін «бақташыларды» тағайындаймын. Бұдан былай «отарым» еш нәрседен қорқып, зәрелері ұшпайды да, бірде-біреуі жоғалмайды да». — Жаратқан Ие осыған уәде береді. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Алдағы уақытта Мен Дәуіттің әулетінен бір «Әділ Өскінді» өсіріп шығаратын кез келеді. Ол патшалық құрып, даналықпен әрекет етіп, жерге әділет пен шындық орнатады. Сол кезде Яһуда елі құтқарылып, Солтүстік Исраил де аман-есен өмір сүретін болады. Патша: «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ. Сондықтан Жаратқан Ие тағы мынаны да айтады: Халқым ант бергенде: «Исраилдіктерді Мысыр елінен алып шыққан мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын» деп емес, «Исраилдің үрім-бұтағын солтүстіктегі елден және Өзі аластатып жіберген басқа да барлық елдерден жинап алып келген мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын» дейтін уақыт тумақ! Сонда исраилдіктер өздерінің елін мекендейтін болады». Мен оларды Исраилдің биік тау-төбелеріндегі құнарлы жайылымдарда жайып жүремін. Сонда олар шұрайлы өрістерде оттап тынығып, Исраилдің қырат-қырқаларындағы шөбі шүйгін жайлауларда жайылып жүреді. Мен Өзім қойларымды бағамын әрі дем алдырып тынықтырамын, — деп уәде береді Жаратушы Тәңір Ие. — Ол ең алдымен ағасы Шимонды тауып алып:— Біз Мәсіхтің Өзін таптық! — деді. Ал «Мәсіх» Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша дегенді білдіреді. Сол жерде «Жақыптың құдығы» бар еді. Жол жүріп шаршаған Иса құдықтың қасына отыра кетті. Түс мезгілі болатын,
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Выбор основного перевода