Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Туған бауырларым да мені танымайды,Шешемнің ұлдары маған жат деп қарайды. Бағал-Хамонда Сүлейменнің жүзімдігі болған,Соны бағуды бағбандарға тапсырған.Әрқайсысы соның жемісі үшінМың мысқал күмістен төлеп берсін. Менің «жүзімдігімді» кімге берсем,Мұны мен өзім біліп, өзім шешем.Мың мысқал, уа, Сүлеймен, сіздікі болсын,Ал екі жүз — жемісін өсіргендерге оның.(Күйеу:) Енді мен Жан досымның атынан Оның жүзімдігі жайлы жырын айтып берейін:Досымның жүзімдігі құнары асқанҚыраттың беткейіне орналасқан. Досым оның топырағын қопсытып,Тазартты барлық тастардан арылтып,Таңдаулы бұталарды отырғызып,Күзетуге мұнара салды қойып.Жүзім шырынын таптап сығуға арнапШұңқыр да жасап қойды әктастан қашап.Содан тәтті жемістің шығуын күтті,Жүзімдер бірақ ащы болып шықты! Сол себептен Досым мынаны айтады:«Ал, кәне, Иерусалим тұрғындары,Сондай-ақ Яһуда азаматтары,Бақша мен Өзімнің арамыздағыДауымызға төрелік айтыңдаршы: Баққа Мен істемеген не қалып еді?Мен одан тәтті жүзім күткенімде,Неліктен ол сондай ащы өнім берді? Сендерге білдірем жүзімдігімеМенің не істейтінімді келешекте:Қоршаған шарбағын шауып тастаймын,Тас дуалын қиратып, талқандаймын,Мал мен аңдарға таптатып қоямын,Жүзімдікті жермен-жексен қыламын, Осылай бақшамды ойрандатамын!Енді қайтып сабақтарын қысқартып,Топырағын өңдемеймін қопсытып.Тікенді бұталар, жантақ, ошағанҚаптап басып кетеді, әрі оғанЕш уақытта да жаңбыр жауғызбауғаӨзім бұйыратын болам бұлттарға». Әлемнің Иесінің бұл жүзім бағы —Исраилден шыққан үрім-бұтағы,Оның сүйсіне еккен бау-бақшасы —Яһуда елінің адамдары.Құдай бұлардан әділдік күтті,Ал, міне, олар жазықсыз қан төкті!Жаратқан Ие олардан адалдық тосты,Ал, міне, жапа шеккендердің айқайыҚұдайдың құлағына жетіп жатты! Көптеген бақташылар (отарларын жайып жіберіп) Менің жүзімдігімді қиратып, егістігімді таптап тастады. Олар шұрайлы даламды қаңыраған құла түзге айналдырып жіберді. Ол елсіз далаға айналып, бәрінен жұрдай қалған күйі Менің алдымда мұңайып жатыр. Бүкіл жер қаңыраған бос далаға айналды, өйткені оған көңіл бөлетін ешкім жоқ. Иен даладағы барлық тақыр төбелердің үстімен құртушылар келе жатыр. Мен, Жаратқан Ие, жіберген семсер елдің бір шетінен екінші шетіне дейін бәрін де қырып-жояды, одан аман қалатын тірі жан болмайды. «Ал енді Мен оны еліктіріп, айдалаға алып шығып, жүрегіне жылы сөз айтамын. Жаратқан Ие тағы былай дейді: «Сол күні сен Мені «Бағалым менің» деп емес, «Күйеуім менің» деп атайтын боласың. — Мен «шынайы жүзім бұтасымын», ал көктегі Әкем «жүзім өсіруші». Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады. Сол сияқты сендер де Менің өздеріңе айтқан сөздеріме сеніп, рухани таза болдыңдар. Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар. Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар. Кім Менімен байланыста тұрмаса, сол кесіліп тасталған сабақтар іспетті «сыртқа лақтырылып, кеуіп қалады». Кепкен сабақтар кейін жиналып, отқа жағылып, жанып кетеді. Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар. Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді. Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді.
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Выбор основного перевода