Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Хош иісті сенің күллі киімдеріңМүр, алоэ, дәмқабық гүлінің жұпарымен,Көңіліңді көтереді сазды әуенСарайларыңда піл сүйегімен безенген. Түрлі түсті киімімен әкелінеді,Құрбы қыздары соңынан ілеседі,Барлығы да Сенің алдыңа келеді, Зор қуаныш, шаттықпен бастап әкелінеді,Патшалық сарайыңа салтанатпен енеді. Иісмайыңның жұпары аңқып кетті,Атың шашылған иіссудай әйгілі,Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті. Тойханаға алып барды ол мені,Бәріне айқын өзімді сүйетіні. Ежелде Жаратқан Ие бізге аян беріп былай деген еді: «Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейіріміммен сені Өзіме баурап келемін. Мен оларды ыңғайлы ноқтамен, сүйіспеншіліктің арқанымен жетелеп жүрдім. Мойынтұрықтарын мойындарынан шешіп алып тастап, оларды тамақтандыру үшін еңкейетін де едім. Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады; ал Мен оларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін. Бұған әлі жете қойған жоқпын, өзімді Құдайдың көздегеніндей жетілдім деп те есептемеймін. Бірақ соның ізіне түсіп, иемденуге тырысудамын. Дәл осыған бола Мәсіх Исаның Өзі мені иемденіп алды ғой.
Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8
Выбор основного перевода