Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Иеміз Ыбырайымға тіл қатып:— Менің атыма Содом мен Ғомора қалаларының үстінен қатты дауыспен айтылған шағым түсіп жатыр. Сол жерде жасалған күнәлар тым ауыр. Сондықтан Мен жерге түсіп, ондағы әділетсіздік Маған жеткен шағым туғызатындай дәрежеде ме, жоқ па, соған көз жеткізбекпін, — деді. (Қаладағы шетелдіктер:)— Біз Бабылды емдеген едік, бірақ ол енді сауықпайды. Оны осылай қалдырып, әрқайсымыз өз елімізге қайтайық! Өйткені оған шығарылатын үкім ғаламат зор, аспанға дейін жететін болады, — дейді. Бабыл Исраил мен басқа елдерде адамдарды қалай қырған болса, енді оның өзінде де адамдар солай қырылатын болады. Өзің дауыстап оқып шыққан осы шиыршық кітапты бір тасқа байлап, Евфрат өзеніне лақтыр. «Жолға жиналып, ұлы қала Ниневиге бар да, оны соттамақ екенімді жарияла! Олардың зұлым қылықтары Менің көз алдымда», — деп тапсырды.
Выбор основного перевода