Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құла түздің жабайы аңдары оның үйінділерінде тынығып жатып, қираған үйлері үкінің ұяларына толады. Бұл жерде түйеқұстар да тұрып, сабалақ жүнді ешкілер секіріп жүреді. Қираған қорғандары және сәулетті сарайларының қалдықтары қорқау қасқыр мен шибөрінің ұлыған даусымен жаңғырады. Иә, Бабылдың құритын уақыты таяп қалды, оның күні өтті! Міне, салт аттылар қос-қостан келе жатыр! Келіп жеткен шабарман мына жаңалықты хабарлады: «Бабыл құлады! Оның халқы табынған жалған тәңірлердің барлық мүсіндері де жерге құлатылып, күл-талқан болды!» Бірқазан мен кірпі оны иемденіп, үкі мен қарға сонда ұяларын салады. Құдай Едомның жерін тәптіштеп өлшеп, оны ретсіз, тіршіліксіз бос жатуға бағыштайды. Енді Едомды «Патшалық жоқ» деп атайтын болады, оның әміршілерінің барлығы да жоғалады. Оның қорғандарын тікенді бұталар басып, бекіністі қалаларын қалақай мен ошаған жайлап кетеді. Осы жер шибөрі мен түйеқұстың тұрағына айналмақ. Сонда иен даланың аңдары қорқау қасқырларға ұшырасып, жабайы текелер бір-бірін маңырап шақырады. Түнгі аңдар сол жерде демалып, тыным табады. — Мен Иерусалимді бір төбе үйінді етіп, оны шибөрілердің мекені қыламын. Яһуданың басқа қалаларын да адам баласы тұрмайтындай етіп қаңыратып бос қалдырамын. — (Жаратқан Ие осыны нық айтады.) Сондықтан Бабыл қаласын құла түздің аңдары мекендеп, оны шибөрілер мен арам құстар жайлайтын болады. Адамдар онда енді қайтып қоныстанбайды, ол ұрпақтан ұрпаққа елсіз қаңырап бос қала береді. — Бабыл кенеттен жеңіліп, жау қолына түсіп, ойран болады. Оны жоқтап жылаңдар! Қиналғанын басатын май дәрі алдыртыңдар, мүмкін, сауығып та кететін шығар. — Набуходоносор туралы айтылған осы бұйрық сол сәтте-ақ орындалды. Ол адамдардың арасынан аластатылып, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, денесі шыққа малынып тұрды. Содан шаштары бүркіттің қауырсынындай, тырнақтары құстың шеңгеліндей болып сойдиып өсіп кетті.
Выбор основного перевода