Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Барлық олжаны алаңның ортасына жинап апарып, қаланы ондағы олжа дүниелерімен қоса Құдайларың Жаратқан Иеге арнап өртеліп ұсынылатын құрбандық іспетті өртеп жіберіңдер! Қаланың талқандалған орны мәңгі солай болып қала берсін, ол ешқашан қалпына келтіріліп қайтадан салынбасын! Өзің дауыстап оқып шыққан осы шиыршық кітапты бір тасқа байлап, Евфрат өзеніне лақтыр. Мұнан кейін Жаратқан Иенің атынан мынаны айт: «Дәл осылай Бабыл тұңғиыққа батып кетеді. Мен өзіне түсірген апаттардан ол енді қайтып ешқашан еңсесін көтермейді. Мен Бабылға ғаламат пәле жіберемін, оның барлық адамдары да әбден әлсірейді!»Еремияның сөздері осы жерде бітеді. Осылай Мен ақырыңды өте қорқынышты қыламын, сен мүлдем құрисың. Сені іздесе де, ешқашан табылмайсың!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны кесіп айтады. Мұнан кейін көктен түсіп келе жатқан басқа бір күшті періштені көрдім. Ол бұлтқа оранған еді, ал басының үстінде кемпірқосағы бар болатын. Беті күндей жарқырап, ал аяқтары от бағанасына ұқсады. бірақ төтеп бере алмады. Бұдан былай соларға көктен орын берілмеді.
Выбор основного перевода