Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сен әр түрлі тауарларға бай болғандықтан Тарсис та сенімен сауда-саттық жасады. Олар тауарларыңды күміс, темір, қалайы және қорғасынға айырбастап сатып алатын. Грекиялық, тұбалдық және мешехтік саудагерлер де өзіңмен саудаласып, тауарларыңа адам басымен және қола бұйымдармен төлейтін. Сәба мен Рахаманың саудагерлері де сенімен сауда-саттық жасасты. Олар тауарларыңа ең сапалы дәмдеуіштерін, асыл тастары мен алтынын алып келетін. Сен бір кеме сияқты болдың, тақтайларыңды Хермон тауының қарағайынан дайындады. Діңгегің ливандық самырсыннан болды. Әйел алтынмен, қымбат тастар және інжу-маржанмен әшекейленген, қою күлгін және ал қызыл түсті киім киіпті. Ол қолына өзінің жексұрын, былғаныш қылықтарын бейнелейтін нәрселерге толы алтын тостаған ұстап отырды.
Выбор основного перевода