Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер! әрі алғашқы айуанға қызмет етіп, оның бүкіл билігін жүргізді. Екінші айуан күнәкар дүниені және онда өмір сүрушілердің бәрін ажалды жарақаты жазылған алғашқы айуанға құлшылық еткізіп, зор кереметтер көрсетуге билікті болды: ол тіпті адамдардың көз алдында көктен жерге от түсірді. Алғашқы айуанның алдында жасаған осы кереметтері арқылы ол күнәкар адамзатты түгел алдап, азғырып теріс жолға салды. Оларға семсерден жарақаттанғанмен аман қалған алғашқы айуанның құрметіне мүсін жасауды тапсырды. зор кереметтер көрсетуге билікті болды: ол тіпті адамдардың көз алдында көктен жерге от түсірді. Алғашқы айуанның алдында жасаған осы кереметтері арқылы ол күнәкар адамзатты түгел алдап, азғырып теріс жолға салды. Оларға семсерден жарақаттанғанмен аман қалған алғашқы айуанның құрметіне мүсін жасауды тапсырды. Екінші айуанға осы мүсінге өз рухын енгізетін күш-қуат берілді. Осылайша мүсін тіпті сөйлеп, өзіне табынбайтындардың бәрін өлтірте алатын болды. Айуан барлық адамдарды: үлкенді-кішілі, бай-кедей, құл-еріктіні не оң қолын, не маңдайын таңбалауға мәжбүр етті. Осы таңбасы жоқтар еш нәрсені сатып ала да алмайды, сата да алмайды. Ол таңба — алғашқы айуанның есімі яки есімінің саны. Олардың азабының түтіні мәңгі шығып жатпақ. Айуанға және оның мүсініне табынып және айуанның есімінің таңбасын қабылдағандарға күні-түні тыным болмайды. Біріншісі барып, тостағандағысын жерге төгіп жіберді. Сонда айуанның таңбасын қабылдап, оның мүсініне табынғандарда жиренішті де азапты, іріңді жаралар пайда болды. Алайда айуан және оған қызмет етіп кереметтер көрсеткен жалған пайғамбар екеуі де кенеттен тұтқынға алынды. Сол бір таңғажайып кереметтер арқылы жалған пайғамбар айуанның таңбасын қабылдап, оның мүсініне құлшылық еткендерді еліктіріп, алдап жүрген болатын. Айуан мен жалған пайғамбар екеуі де күкірт жанып жатқан, мәңгі сөнбейтін отты көлге (яғни тозақ отына) тірідей лақтырылды. Енді мен бірнеше тақтарды көрдім. Олардың үстінде отырғандарға адамзатты соттап, үкім кесу билігі берілген еді. Сонда мен Исаға адал болып, Құдайдың Ізгі хабарын жариялағандары үшін шейіт болғандардың жандарын да көрдім. Бұлар не айуан мен оның мүсініне табынған да жоқ, не айуанның таңбасын маңдайлары мен қолдарына қабылдаған да жоқ. Олар қайта тіріліп, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрды.
Выбор основного перевода