Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оған бағыштап жаңа ән айтыңдар,Мәнерлеп ойнап, шаттана айқайлаңдар! Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды,Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды.Мұны көрген көпшілік ЖаратқандыҚастерлеп, Оған сенімін артады. Шырқаңдар жаңа ән Жаратқан Иеге,Күллі әлем, ән-жыр айтыңдар Иемізге! Жаратқанға айтыңдар жаңа әнді,Өйткені Ол кереметтер істеді,Киелі құдіретімен жеңіп шықты. Уа, Құдай, Өзіңе жаңа ән саламын,Он ішекті жетігенмен күй тартамын. Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар!Жаратқан Иеге жаңа ән-жыр салыңдар,Сенушілер қауымында Оны мадақтаңдар! Иемізге жаңа әнді шырқаңдар,Жер шетінен Оған мақтау айтыңдар!Теңізде жүзіп жүрген теңізшілер,Жағалауларды мекендеген елдер, Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді:«Сен лайықсың кітапты қолыңа алуғаЖәне мөрлерін бұзып, оны ашуға!Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің,Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтанШыққандардың төлемін өтеп босаттың,Һәм Құдайға оларды бағыштадың, Мен маңдайларына Құдайдың таңбасы салынғандардың саны жүз қырық төрт мың екенін естідім; олар Исраилдің барлық руларынан еді. Мұнан кейін қарасам, (Иерусалимдегі) Сион төбесінде тұрған Тоқтыны және Оның қасында маңдайларында Тоқтының және Оның Әкесінің аттары жазылған жүз қырық төрт мың адамды көрдім.
Выбор основного перевода