Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Мен «жүзімдерді» жалғыз таптадым, халықтардан ешкім қасымда болып көмектеспеді. Ашуға мініп, зұлым жауларымды таптап, қаһарлана басып-жаншыдым. Солардың қаны шапаныма шашырап, барлық киімдерім де ластанды. Жасақшыларымды Ием менсінбеді,Жас ерлерімді құртуға қол жинап әкелді.Жүзімнің сыққышта тапталатыны секілдіСүйікті Яһуда халқын таптай берді. Орақтарыңмен орыңдар, өйткені өнім дайын. Келіп, жүзімді басып сығыңдар, өйткені сыққыш өнімге толып тұр, енді күбілер шырынға толмақ. Себебі сол адамдардың зұлымдығы шектен асып кетті. Сол сияқты Иса да, адамдарды Өзінің қаны арқылы Құдайға бағыштап қасиетті ету үшін қала қақпасының сыртында азапталып, құрбан болды. Мұнан кейін олардың сүйектері «үлкен қаланың» көшесінде жатады. Екеуінің Иесі (Мәсіх) айқышқа шегеленіп, өлтірілген сол қаланы (яғни Иерусалимді) астарлап «Содом» және «Мысыр» деп те атайды.
Выбор основного перевода