Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Міне, салт аттылар қос-қостан келе жатыр! Келіп жеткен шабарман мына жаңалықты хабарлады: «Бабыл құлады! Оның халқы табынған жалған тәңірлердің барлық мүсіндері де жерге құлатылып, күл-талқан болды!» Бабыл Жаратқан Иенің қолындағы алтын тостаған сияқты болатын. Оның ішіндегі «шарап» (Жаратқан Иенің қаһары) бүкіл жер бетін мас қылды. Ұлттар сол «шараптан» ішті. Олардың қазір жынданып жүргендері де сондықтан. — Бабыл кенеттен жеңіліп, жау қолына түсіп, ойран болады. Оны жоқтап жылаңдар! Қиналғанын басатын май дәрі алдыртыңдар, мүмкін, сауығып та кететін шығар. — Сондықтан, ей, жезөкше (іспетті сенімсіз Иерусалим), Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Набуходоносор туралы айтылған осы бұйрық сол сәтте-ақ орындалды. Ол адамдардың арасынан аластатылып, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, денесі шыққа малынып тұрды. Содан шаштары бүркіттің қауырсынындай, тырнақтары құстың шеңгеліндей болып сойдиып өсіп кетті. Содан ұлы қала үшке бөлініп, басқа халықтардың қалалары да қирап қалды. Осылай ұлы Бабыл Құдай алдында ескеріліп, қала Құдайдың «тостағанынан» — Оның қатты ашуы мен қаһарын білдіретін «шарабынан» ішуге мәжбүр етілді. Жер бетіндегі патшалар онымен азғындыққа түсті. Күнәкар дүниенің тұрғындары «опасыз әйелдің шарабынан» мас болып, оның азғындығына мүлдем берілді. Ал маңдайында «Құпия: ұлы Бабыл, әлемдегі барлық опасыздық пен жексұрындық жасайтындардың анасы» деген атағы жазулы тұрды. Періште қатты дауыспен былай деп жариялады: «Ол құлады! Ұлы Бабыл құлады! Ол жындардың ордасы, әр алуан арам рухтардың ұясы болды. Бұдан былай арам, жексұрын құстардың барлық түрі оған қоныстанбақ. Күллі ұлттар да оның жынды қылатын азғындығының «шарабынан» ішіп келді. Дүниенің патшалары онымен азғындыққа түсетін. Әлемнің саудагерлері оның сән-салтанат пен асқан молшылыққа деген құмарлығынан байыды». Олар Бабылдың көрген азабынан зәрелері ұша қорқып, қашықта тұрып былай деп жоқтамақ:«Ой, бауырым, басыңа қаралы күн туды! Ұлы, күшті Бабыл қаласы! Бір-ақ сағат ішінде үкімің кесіліп, іске асты!»
Выбор основного перевода