Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Ирод Жақияны өлтіргісі келді, бірақ оны пайғамбар деп санайтын халықтан қорықты. Олар:— Біреулері Сізді шомылдыру рәсімін жасаған Жақия, ал басқалары Ілияс пайғамбар, тағы басқалары Еремия немесе ежелгі пайғамбарлардың өзге біреуі деп жүр, — деді. Оған еріп жүрген қалың топтар:— Бұл — Иса, Ғалилеядағы Назареттен шыққан Пайғамбар! — деп жауап қайырды. Ал «адам еркімен» десек, халықтың наразылығына ұшыраймыз деп қаймығамыз. Барлығы Жақияның пайғамбар болғанына сенеді ғой», — десті. Мұны дін мұғалімдері мен басты діни қызметкерлер де естіп, Исаның көзін құртудың жолын іздеді. Себебі жұрттың бәрі Оның тәліміне қатты қайран қалғандықтан, олар Исадан қорқып жүрді. Ал «адамның еркімен» десек...» — Олар бұлай деуге халықтан қорықты, себебі бүкіл жұрт Жақияны шынайы пайғамбар деп санайтын. Жұрттың бәрін үрей биледі. Олар: «Арамыздан ұлы Пайғамбар шықты!» «Құдай өз халқына игілік істеуге келді!» — деп Құдайды мадақтады. Исаның сөзін естіген кейбіреулер:— Шынында да Бұл — келуге тиісті Пайғамбар! — деді. Жоғарғы кеңес болған оқиғаға бола Құдайды дәріптеп жүрген халықты ескеріп, екі елшіні жазалаудың ретін таппай, оларды қорқыта түсіп, жөндеріне жіберді.
Выбор основного перевода