Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иса оларға былай деді:— Сенімдеріңнің жеткіліксіздігінен. Сендерге шындығын айтайын: тіпті тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса, мына тауға: «Бұл жерден ана жаққа көш!» десеңдер, ол көшер еді. Қолдарыңнан келмейтін ештеңе де болмас еді. Иеміздің жауабы мынау болды:— Сендердің тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса, мына тұт ағашына: «Жерден тамырыңмен қопарылып, теңізге отырғызыл!» десеңдер, ол айтқандарыңды орындар еді. Мен Құдайдың хабарларын жеткізсем,Күллі құпия-сырларды да білсем,Әр түрлі білімді иемденсем,Тау қозғайтындай сенімге кенелсем,Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,Түкке де тұрмаймын мен онда. Тек шүбәланбай, сеніммен Құдайдан сұрауларың керек. Себебі күмәнданған адам жел айдап, соқтығысқан теңіз толқынына ұқсас.
Выбор основного перевода