Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді мен Жан досымның атынан Оның жүзімдігі жайлы жырын айтып берейін:Досымның жүзімдігі құнары асқанҚыраттың беткейіне орналасқан. Досым оның топырағын қопсытып,Тазартты барлық тастардан арылтып,Таңдаулы бұталарды отырғызып,Күзетуге мұнара салды қойып.Жүзім шырынын таптап сығуға арнапШұңқыр да жасап қойды әктастан қашап.Содан тәтті жемістің шығуын күтті,Жүзімдер бірақ ащы болып шықты! Сол себептен Досым мынаны айтады:«Ал, кәне, Иерусалим тұрғындары,Сондай-ақ Яһуда азаматтары,Бақша мен Өзімнің арамыздағыДауымызға төрелік айтыңдаршы: Баққа Мен істемеген не қалып еді?Мен одан тәтті жүзім күткенімде,Неліктен ол сондай ащы өнім берді? Сендерге білдірем жүзімдігімеМенің не істейтінімді келешекте:Қоршаған шарбағын шауып тастаймын,Тас дуалын қиратып, талқандаймын,Мал мен аңдарға таптатып қоямын,Жүзімдікті жермен-жексен қыламын, Осылай бақшамды ойрандатамын!Енді қайтып сабақтарын қысқартып,Топырағын өңдемеймін қопсытып.Тікенді бұталар, жантақ, ошағанҚаптап басып кетеді, әрі оғанЕш уақытта да жаңбыр жауғызбауғаӨзім бұйыратын болам бұлттарға». Әлемнің Иесінің бұл жүзім бағы —Исраилден шыққан үрім-бұтағы,Оның сүйсіне еккен бау-бақшасы —Яһуда елінің адамдары.Құдай бұлардан әділдік күтті,Ал, міне, олар жазықсыз қан төкті!Жаратқан Ие олардан адалдық тосты,Ал, міне, жапа шеккендердің айқайыҚұдайдың құлағына жетіп жатты! Сендерге шындығын айтайын: шығыс пен батыстан келген көптеген жат жұрттық адамдар Ыбырайым, Ысқақ және Жақыппен бірге Құдай Патшалығында дастарқан басына жайғасатын болады. Ал Патшалыққа алдымен тағайындалғандар сыртқа, қара түнекке қуылмақ! Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады, — деді. Ей, Иерусалим қаласы, пайғамбарлардың көзін құртып, Құдай саған жіберген хабаршыларды тас лақтырып өлтіретін Иерусалим-ай! Балапандарын қанатының астына алған құс сияқты, Мен де сенің халқыңды қанша рет жинамақшы болдым. Бірақ сендер одан бас тарттыңдар! Сондықтан үйлерің қаңырап, бос қалдырылады. Сендерге шындығын айтайын: бұдан былай, «Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!» деп шақырған уақыттарыңа дейін, Мені қайтып көрмейсіңдер. Сонда Пауыл мен Барнаба оларға батыл сөйлеп былай деді:— Құдайдың Ізгі хабарын алдымен сендерге уағыздауымыз керек еді. Алайда оны қабылдамай, өздеріңді мәңгілік өмірге лайықты санамайтын болсаңдар, онда басқа ұлттарға бет бұрамыз!
Выбор основного перевода