Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен Хориб тауындағы анау жартастың басында сенің қасыңда тұрамын. Жартасты таяғыңмен соққанда ішінен халық ішетін су шықпақ, — деді. Мұса Исраил халқының рубасыларының көзінше солай істегенде су аға жөнелді. Құрылысшылар менсінбеген тас ендіҮйдің басты іргетасына айналды! Жаратқанның Өзі соны істеді,Көз алдымызда бұл керемет болды! Иса — құрылысшылар, яғни сіздер, менсінбей бас тартқан Тас. Ол «енді үйдің басты іргетасына айналды!» Бұл туралы да осы тәрізді сөздер алдын ала жазылған еді: Міне, Мен Сион қаласында кедергі тасты орнатып қоямын. Бұған көбі сүрініп, құлайды. Ал «Оған сенімін артқан ешкім ұятқа қалмайтын болады лайым». Себебі Киелі жазбада Құдайдың мына сөзі де бар:«Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым,Оны Сиондағы үйімнің бұрышыныңІргетасы ретінде орнатып қоямын.Енді Оған сенімін артқан әркімҰятқа қалмайтын болады әрдайым». Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» Ол «адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты». Олар Мәсіх туралы хабарға мойынсұнбағандықтан «сүрініп, құлап», теріс жолға түсіп кетеді. Олардың ақырының осылай болатыны алдын ала белгілі еді.
Выбор основного перевода