Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Соларға жасаған қылмыстарына сай,Істеген зұлым істеріне қарайТиісті жазаларын тартқыза гөр,Лайықты қарымтасын қайтара гөр. Уа, Ием, тұрақты — Сенің рақымың,Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың. «Біздер білген жоқпыз» дейсің бе?Жүрек түкпірін сынайтынЖаратқан шындықты білмей ме?Ұдайы жаныңды бақылайтынТәңір Ие білмей қалар дейсің бе?Ісіне қарап әрбір жанныңҚарымтасын Ол береді де. Сендер Менің тауларымның аңғарымен қашып құтыласыңдар, себебі сол аңғар Аселге дейін созылатын болады. Сендер жұрт Яһуда патшасы Ұзияхтың заманында болған жер сілкінісінен қашқандай қашасыңдар. Сонда менің Құдайым — Жаратқан Ие Өзіне бағышталған барлық қасиетті нөкерлерін ертіп келеді. Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де көктегі Әкемнің алдында танбақпын. — Құдай тағайындаған Билеуші қасиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен келген кезде Өзінің салтанатты тағына отыратын болады. Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де Құдайдың періштелерінің алдында танбақпын. Сонда өлгендер қабірден шығады: жақсылық жасағандары мәңгі өмір сүру үшін, ал жамандық жасағандары сотталу үшін тіріледі. (Киелі жазбада мына тәрізді сөздер жазылған:) Құдай әркімге істеген ісіне қарап қарымтасын қайтаратын болады. Ақ боз атқа мініп, кіршіксіз таза ақ бәтес жамылғы киген көктің әскерлері Оның соңынан еріп жүрді. Иеміз Иса маған тіл қатып:— Тыңда, Мен жуырда келемін! Әркімге ісіне қарай беретін сыйымды Өзіммен бірге ала келемін.
Выбор основного перевода