Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейбір дін мұғалімдері мен парызшылдар сонда Исаға:— Ұстаз, билігіңізді дәлелдейтін бір кереметті көрсек деп едік, — деген өтініш жасады. Бірнеше парызшылдар қасына келіп, Исаны сынақтан өткізбек болып:— Күйеуінің кез келген себептен әйелімен ажырасуына бола ма? — деген сұрақ қойды. Басқа адамдар Оның билігін сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Айналасына халық көптеп жиналғанда, Иса сөзін былай деп бастады: «Осы заманғы ұрпақ — жаман ұрпақ! Ол (билігімді дәлелдейтін) бір керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ оған Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді! Олар:— Өзіңізді Құдай жібергеніне көзімізді жеткізіп, сенуіміз үшін қандай керемет көрсетесіз, не істейсіз? Яһудилер құдіретті кереметтер талап етсе, гректер уағызымыздан даналық іздейді.
Выбор основного перевода