Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендерді Мәсіхтің рақымы арқылы Өзіне шақырған Тәңір Иеден осылай тез бас тартып, өзге бір «ізгі хабарға» бет бұрып кеткендеріңе таңғаламын. Дегенмен өзге «ізгі хабар» жоқ! Мәселе сендерді шатастырып, Мәсіх туралы Ізгі хабарды бұрмалағысы келген кейбір кісілерде болып тұр. Егер біздер немесе тіпті «көктен түскен періште» сендерге бұрын уағыздағандарымызға қайшы өзге бір «ізгі хабарды» уағыздайтын болсақ, онда солай істегенімізді Құдайдың қарғысы атпақ. Бұрын айтқанымызды тағы қайталаймын: біреу сендерге өздерің қабылдаған Ізгі хабарға қайшы келетінді таратып жүрсе, оны Құдайдың қарғысы атпақ! Мен мұны ешкім сендерді ақылға қонымды болып көрінген сөздерімен алдап кетпесін деп айтып отырмын. Орынсыз кішіпейілділік танытып періштелерге табынуларыңды талап ететіндер сендерді кінәламасын! Осындайлардың ақыл-ойларын өз күнәкар болмыстары билейді, ал беделдері өздері ешқашан көрмеген нәрселерге негізделген. Олар ешбір себепсіз кеуделерін көтеріп,
Выбор основного перевода