Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Астарлы әңгімелерді айтамын,Әуелден бар құпияларды ашамын. Менің Иса Мәсіх туралы уағыздаған Ізгі хабарыма деген сенімдеріңді нығайтуға Құдай құдіретті. Бұл Ізгі хабар ерте заманнан бері құпия болып келгенмен, қазіргі уақытта ашылып жатыр. Осы хабар мәңгілік Құдайдың бұйрығы бойынша Пайғамбарлар жазбаларының уағыздалуы арқылы барлық халықтарға жариялануда. Мұндағы мақсат — олардың Мәсіхке сеніп Оған мойынсұнулары. Даналықтың бірден-бір Иесі — Құдай. Оның даңқы Иса Мәсіх арқылы мәңгі арта берсін! Аумин. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. әлемді жаратқан Құдайдың әуел бастан Өзінде құпия сақтап келген жоспарының қалай іске асырғанын жұртқа ашып беру менің міндетім болды. Бұл хабар ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жасырын болып келді; ал енді оның сыры Құдайдың адамдарына ашылды.
Выбор основного перевода