Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!» Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында тәлім берді. Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды уағыздап, адамдарды барлық ауру-сырқауларынан сауықтырды. Өйткені Тәңір Иенің хабарын естігенмен, оны іске асырмайтын адам айнаға қарап, бет әлпетін көрген біреуге ұқсайды: ол өзіне байыппен қарайды, бірақ былай шыға бере-ақ өз түрін ұмытып қалады. Інісін ұрып өлтірген шайтанның адамы Қабылға ұқсамаңдар! Оны неліктен ұрып өлтірді? Өйткені өз іс-әрекеті әділетсіз, ал інісінікі әділетті болатын.
Выбор основного перевода