Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Маған деген сенімінен бас тартпаған әркім бақытты! — деді. Олар барлық жерлерде Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің жан дүниелерін нығайтып: «Сенімдеріңе адал болыңдар! Болашақтағы Құдай Патшалығының заманына жеткенше біз әлі де талай азап шегуге тиіспіз», — деп ескертті. Себебі кейбір адамдарды істегендеріне өкіндіріп, қайтадан Құдай жолына түсіру мүмкін емес: бір кезде жан дүниелері Тәңір Иенің нұрынан ағарған еді. Олар Оның көктен жіберген сыйының дәмін татып, Киелі Рухтан үлестерін алды. Сондай-ақ, Құдай сөзінің игілігінің де, болашақ заманның құдіретінің де дәмін татып көрген болатын. Алайда кейінірек олар тура жолдан безіп кетті! Мұндай адамдар өз еріктерімен Құдайдың рухани Ұлын тағы да айқышқа шегелеп тастағандай, жұрттың мазағына айналдырып жүр. Мұндай жағдайда оларды Құдай жолына қайтару мүмкін емес. Егіндік жер жиі жауған жаңбырмен шөлін қандырып, өзін өңдеп, баптаған егіншінің игілігі үшін өнімін бергенде, Құдай оны жарылқайды. Ал тікен мен ошаған шығаратын жер пайдасыз. Көп ұзамай егінші мұндай жерді үкімдеп, ақыры өртейді. Ал, сүйікті бауырластарым, осыларды айтқанмен, сендердің бұдан жақсырақ жағдайда екендіктеріңе, яғни құтқарылуларыңды берік ұстанғандарыңа, көзіміз жетті. Құдай әділетсіз емес қой: Ол жасаған игі істеріңді, өз адамдарына берген, әлі де беріп жатқан көмектерің арқылы Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды. тұтқынға түскендерге жандарың ашып, жәрдем бердіңдер. Мал-мүліктеріңді талан-таражға салғанда, бұны тіпті қуана қабылдадыңдар! Себебі көкте өздеріңе арналған, одан әлдеқайда құнды, мәңгілік дәулеттің бар екенін білдіңдер.
Выбор основного перевода