Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Матфея
Параллельные места
Нұн ұлы Ешуа Шиттим атты жерде екі адамға: «Барып, сол елді, әсіресе, Иерихон қаласын барлап көріп келіңдер!» — деген құпия тапсырма беріп, жұмсап жіберді. Осы екі адам қалаға жетіп, сол жердегі Рахаб есімді бір әйелдің үйіне түнеуге тоқтады. Ол (бұрынғы) жеңіл жүрісті әйел болатын. Осылай Боғоз той жасап Рутқа үйленді. Жаратқан Иенің жарылқауымен Руттың аяғы ауырлап, ұл туды. Көрші әйелдер: «Бұл — Нағима үшін туылған ұл», — деп, оған Ғабит деген есім берді. Ғабит Есейдің әкесі, Дәуіттің атасы болды. Парес әулетінің тарау тегі мынау: Парестен Хесрон, Хесроннан Рам, Рамнан Әминадап, Әминадаптан Нағасон, Нағасоннан Салмон, Салмоннан Боғоз, Боғоздан Ғабит, Ғабиттен Есей, ал Есейден Дәуіт туды. Рамнан Әминадап, Әминадаптан Яһуданың рубасы Нағасон, Нағасоннан Салмон, Салмоннан Боғоз, Боғоздан Ғабит, Ғабиттен Есей туды. Бұрын жеңіл жүрісті болған Рахаб Құдайға сенім артқандықтан, исраилдік барлаушыларды үйіне түсіріп, аман-есен сақтап қалды. Сол себепті ол Құдайға мойынсұнбаған жерлестерімен бірге өлтірілген жоқ.
От Матфея
Выбор основного перевода