Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Матфея
Параллельные места
Бабылдықтар тұтқындап алып кеткен Ехонияхтың ұрпақтары мыналар: өз ұлы Салатиел, Педаяхтың ұлдары: Зоробабел, Шимей. Зоробабелдің ұлдары: Мешулам, Хананиях, олардың әпке-қарындасы: Шеломит. Жохақымның қалған істері, оның жексұрын күнәлары және ол туралы табылған куәліктер «Солтүстік Исраил мен Яһуда патшаларының кітабында» баяндалған. Оның ұлы Ехониях орнын басып патша болды. Сонда Ехосадық ұлы Ешуа өзінің діни қызметкер ағайындарымен бірге және Салатиел ұлы Зоробабел өз ағайындарымен бірге Исраилдің сиынатын Құдайына арнап құрбандық үстелін сала бастады. Олар соның үстінде шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды ұсынбақ болды. Бұл Құдайдың Өзі таңдаған адамы Мұса арқылы табыстаған Таурат заңында жазылған ережелерге сай өтуге тиіс еді. Сонда Салатиел ұлы Зоробабел және Ехосадық ұлы Ешуа қайтадан іске кірісіп, Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінің құрылысын жалғастырды. Құдайдың пайғамбарлары қастарында бірге болып, оларды қолдап жүрді.
От Матфея
Выбор основного перевода